Жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс секторы – кітапхананың қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатып, мәдени-ағартушылық қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі. Сектордың негізгі мақсаты – кітапхананың қоғамдық рөлін арттыру, оқырмандармен тұрақты байланыс орнату және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы кітап оқу мәдениетін насихаттау.
Сектордың негізгі міндеттері:
- кітапхана имиджін қалыптастыру және нығайту;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен, әлеуметтік желілермен өзара байланыс орнату;
- оқырмандар мен түрлі мақсатты топтар үшін мәдени-көпшілік іс-шаралар (әдеби кештер, кездесулер, көрмелер, шеберлік сағаттары және т.б.) ұйымдастыру;
- кітапхана қызметін көпшілікке таныту мақсатында жарнамалық-ақпараттық материалдар (плакаттар, парақшалар, бейнероликтер және т.б.) әзірлеу;
- кітапхананың ресми сайтында және әлеуметтік желілерде тұрақты ақпарат тарату;
- әріптестік байланыстарды кеңейту (мектептермен, мәдениет мекемелерімен, ҮЕҰ және т.б. ұйымдармен бірлескен жобалар жүргізу).
Жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс секторы – кітапхананың заманауи талаптарға сай ашық ақпараттық-мәдени кеңістік ретінде қалыптасуына ықпал ететін маңызды құрылымдық бөлім.