Өнегелі ғұмыр, өрелі еңбек

18 тамыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі Жұмабай Асарбаевпен «Өнегелі ғұмыр, өрелі еңбек»  тақырыбында кездесу кешін өкізді.    
Кешке Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы С.Бегиев, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі – Н.Ә.Дияров, «Тілеу» қоғамдық қорының төрағасы – Қ.Елеусізов, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі-Ж.Қабақбаев,  дәрігер, Журналистер одағының мүшесі – Ж.Көптілеуов, Еңбек ардагері -Қ.Сүйеубаев, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, сазгер - Талғат Тілеулесов, сонымен қатар, зиялы қауым өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар, Тағыберген Жамашұлының ұрпақтары, ұстаз Ж.Асарбаев және оның балалары, туысқандары, замандастары, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері қатысты.
          Кездесу кешінде Ж.Асарбаевтың 2022 жылы Ақтөбе:«Полиграфия» баспасынан «Көңілден көшпес кезеңім» жинағы мен биылғы 2023 жылы жарыққа шыққан «Тағыберген қамшыгер»  тарихи романының   тұсаукесер рәсімі де өтті. Әрдайым ізденіс үстіндегі автордың бұл  еңбектері тіршілік тағылымдарын, өмір өнегелерін өзі ортасында жүрген, бастан кешкен оқиғалармен байланыстыра отырып, жүйелі баяндауымен құнды.
Шара барысында «Өнегелі өмір өрнегі» тақырыбына ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіліп, «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстазы, жырау Әділбек Сариннің шәкірті Дильназ Қуаныштың орындауында «Тағыберген Жамашұлына» арналған жыр тыңдалды.

IMG 0024 IMG 0024 IMG 0024 IMG 0024 IMG 0024 IMG 0024 IMG 0024 IMG 0024