Жаңалықтар

29 сәуір күні сөзсіз тарихымыздағы ең бір қастерлі есімдердің бірі, артында үлкен із қалдырған күрескер тұлға, әрі қайраткер  Жоламан Тіленшіұлының есімін ұлықтап, жас ұрпақты ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу мақсатында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Нұржан Жетпісбайдың 2023 жылы Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» баспасынан жарық көрген «Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс» кітабының таныстырылымы өтті.

26 сәуір күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында белгілі журналист, талантты ақын Жанар Нұрғалидің 50 жылдығына арналған «Дарынды ақын еді...» еске алу кеші өтті. 
   Кеште  ақынның туған жерінен келген Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейірхан Әттиев аудан әкімшілігінің сәлемін жеткізе отырып, ақын туралы жылы лебізін білдірді.  Ырғыз аудандық кітапханасының директоры, өлкетанушы Марат Мырзалы Жанар Нұрғалидің шығармашылығын насихаттауға арналған аудандағы іс-шараларға тоқталып, ақынның тума-туыс, бауырлары:

 25 сәуір күні  кітапхана қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде     ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, КСРО мен Қазақстан Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі әрі академигі, профессор Ишанбай Қарақұловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Тағылымды тұлға» танымдық кеш өткізді.
        И.Қарақұлов – эпидемиология, профилактика және микробиология саласындағы белгілі зерттеуші және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі қайраткерлердің бірі. Ол жастарды жан-жақты тәрбие­леудің теориялық және практикалық мәселелерімен үзбей айналысып, тәрбиенің барлық сырына көз жеткізіп, сан алуан тәрбие мәселелерін қарастырған.

    25 сәуір күні жазушы Жекен Жұмақановтың Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Әлияның әні» повесі бойынша «Әлияның әні» тарихи-танымдық кеші ұйымдастырылды.
   Шарада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейінің бас қор сақтаушысы Толқын Жаңабергенова Жекен Жұмақановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әдебиет майданы» фото-шежіре слайд ұсынып, жазушының жұбайы Клара Біләлқызы ақтөбеліктерге жолдаған бейнежазбасын ұсынды. Клара Біләлқызы өз сөзінде: «Майдангер жазушы Жекен Жұмақанов Әлия Молдағұловамен соғыс уақытында бірге ұрыстарға  қатысып, ерлігін өз көзімен көрген.

   17 сәуір күні «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында жазушы, өнер сыншысы, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, Т.Жармағамбетов атындағы жүлдесінің иегері, облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Сағадат Ордашеваның «Әппағым» жаңа кітабының таныстырылымы өтті.
   Шараға Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы өнер және халық шығармашылық бөлімінің басшысы Назимат Бекқазықызы мен ақын, аудармашы Гүлімай Әбішқызы сөз сөйлеп, «Әппағым» жаңа кітабының тұсауын кесті. Сонымен қатар, кітапхана кызметкері Балагүл Бакиева  «Авторын іздеген кейіпкер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

    11 сәуір күні   «Литература без границ» халықаралық жобасы аясында Ғарышкерлер күніне және әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің 90 жылдығына арналған «Вместе навстречу звездам» атты халықаралық оnline кездесуі ұйымдастырылды.
   Шараның мақсаты – елдер арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту, сақтау және нығайту. Кітапхана оқырмандарын ғарыш әлемімен таныстыру және жұмыс тәжірибесімен алмасу.

10 сәуір күні қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, қоғам қайраткері, минерология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым академиясының академигі,Ұлттық ғылым Академиясының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл  толуына орай  ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы жастарды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеп, отансүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатында «Өмірі ойға толы, Қаныш аға...» дөңгелек үстелі өтті.

27 наурыз күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әмбебап ғалым,  ағартушы-педагог, аудармашы Телжан Шонанұлының 130 жылдығына арналған «Ұлт намысын биік ұстаған тұлға» атты тағылымды кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - Телжан Шонанұлының қоғамдық ғылыми-педагогикалық мұраларын оқырманға кеңінен таныстыру, саналы ғұмырын ағартушылыққа, ғылым-білімге арнап, өз ұлтының көкірек көзін ашып, рухын оятуға талпынған әмбебап ғалымның өмірі мен шығармашылық жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, насихаттау.

15 наурыз күні «Оқитын өлке» облыстық акция аясында таңдалып алынған жазушы, аудармашы, журналист Сара Мыңжасарованың 100 жылдығына арналған «Әйел бақыты» әдеби кеші  өтті.
Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы, Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Құрманқұлов, жазушы, сатирик, ҚР Журналистер одағының мүшесі, театртанушы Ардақ Қонақбаева, Сара Мыңжасарованың туыстары Жаңылдық Көптлеуова, Райымбай Ақтаев  қатысып, қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті.  Әдеби кеште оқырмандарға Алматы қаласынан ZOOM платформасы арқылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Балбұлақ» журналының авторы, белгілі журналист Мағира Қожахметова  жылы лебізін  білдіріп,  шығармашы­лық жолда Сара Мыңжасаровамен қалай танысқаны, өмірінің соңғы  күн­деріне дейін жақын араласқаны туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Сермұханова Зеріп Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» шығармасынан үзінді оқып, кітапхана оқырманы Қарлығаш Ержігітқызы «Әйел бақыты» романы бойынша өз пікірін білдірді. «Арай» өнер мектебінің оқушылары Дания Мейірманова,  Әдемі Сейсенбай, Камила Сағынаева Сырдың «Қара торғай» әнің тамаша  орындап берді.