«Тағылымды тұлға»

 25 сәуір күні  кітапхана қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде     ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, КСРО мен Қазақстан Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі әрі академигі, профессор Ишанбай Қарақұловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Тағылымды тұлға» танымдық кеш өткізді.
        И.Қарақұлов – эпидемиология, профилактика және микробиология саласындағы белгілі зерттеуші және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі қайраткерлердің бірі. Ол жастарды жан-жақты тәрбие­леудің теориялық және практикалық мәселелерімен үзбей айналысып, тәрбиенің барлық сырына көз жеткізіп, сан алуан тәрбие мәселелерін қарастырған.
      Оқырман қауым бұған дейін алғаш рет 1983 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген И.Қарақұловтың «Қырық сұрақ» атты кітабымен танысып, 1989 жылы толықтырылып жазылған нұсқасы- «Сырласу» кітабымен қауышқан болатын.
        Студенттермен өткен аталмыш шара ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы жастарды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеп, отансүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатын көздеді.
Шараның қонақтары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Б.А.Молдин, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің арнайы пән оқытушысы Р.Т.Тобажанова, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкентану музейі, «Табиғат және экологияны ғылыми зерттеу» бөлімінің меңгерушісі М.Т.Буханова, Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры (ЗУМ қосымшасымен) Б.Т.Рысбаева  жастарға сан қырлы талантымен халық үшін қалтқысыз жұмыс істеп, елге еңбегі сіңген тұғыры биік тұлғаның өмірі мен еңбек жолы, рухани мұрасы жайында баяндап берді. 
Шараға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе   және Өскемен Жоғары медициналық колледждерінің оқытушылары мен студенттері, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Шара барысында «Өнегелі өмір өрнегі» кітап көрмесі  ұйымдастырылып, кітапханашы М.К.Молдашева көлемді библиографиялық шолу жасады.  Студенттер өздерінің тарапынан ғалым И.Қарақұловқа туындыларын арнады.  

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1