«Әлияның әні»

    25 сәуір күні жазушы Жекен Жұмақановтың Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Әлияның әні» повесі бойынша «Әлияның әні» тарихи-танымдық кеші ұйымдастырылды.
   Шарада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейінің бас қор сақтаушысы Толқын Жаңабергенова Жекен Жұмақановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әдебиет майданы» фото-шежіре слайд ұсынып, жазушының жұбайы Клара Біләлқызы ақтөбеліктерге жолдаған бейнежазбасын ұсынды. Клара Біләлқызы өз сөзінде: «Майдангер жазушы Жекен Жұмақанов Әлия Молдағұловамен соғыс уақытында бірге ұрыстарға  қатысып, ерлігін өз көзімен көрген. Түнде барлауға шыққан кезде Әлияның шапшаңдығын, жылдамдығын, қайсарлығын, мергенділігін, жаужүректігін көргенін таңғалып айтатын ... Көзі тірісінде Жекеннің он бес шақты кітаптары жарық көрді. Жарық көрмеген қолжазбалары Алматының архивінде сақтаулы тұр», - деп әңгімелеп, жылы лебізін  білдірді. Сонымен қатар, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ляззат Балғазиева:  «Жекен Жұмақановтың шығармалары орыс, украин, ағылшын, француз, испан, неміс және басқа да тілдерге аударылған. Ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Жазушы мерген Әлия Молдағұлованың ерлігін, қайсарлығын, рухын жырлаған. Батыр қызы Әлия жиырма жасқа келмей өмірден өзд Әлияның рухы, патриоттығы, намыстылығы қазіргі біздің қазақ қыздарының бойында табылса екен деймін», - дей келе жастарды жазушының кітаптарын оқуға шақырды.
   Шара барысында «Әлия – ару қызы сен халқымның ...»  кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіліп,  оқырмандарға «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа – өнеге» фото-шежіре слайд көрсетілді.
    Сондай-ақ, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері Әсем Лайықова, Аружан Серікова, Айдана Тұқжымова, Жаннұр Жүсіпова Жекен Жұмақановтың «Әлияның әні» повесі бойынша ой-пікірлерін білдірсе, Нұрзат Саримова ақын Яков Хелемскийдің «Әлияның жүрегі» поэмасынан үзінді, Арай Қаныбекқызы Жекен Жұмақановтың «Әлияның әні» өлеңін,  №9 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Индира Қайыржанова орыс тілінде Сағи Жиенбаевтан аударған Геннадий Серебряковтың «Алия» поэмасынан үзінді оқып берді.
   Кітапхана директорының орынбасары Айгүл Қырымқұлова шараны қорытындылай келе, белсене қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді.

1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2