Жаңалықтар

         24 мамырда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Ұлт-азаттық қозғалыстың белсенді ұйымдастырушылары, ержүрек батырлар Бекет Серкебайұлы мен Ерназар Кенжалыұлының ерліктеріне  арналған «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» тарихи тағылымдық кеш өткізді.
«Батырлардың тарихи деректерге тіркелуі» тақырыбында сөз сөйлеген еңбек ардагері, Қазақстанның үздік өлкетанушысы Мухамбетулин Аманғали Маханұлы және Қазақстан Республикасы  журналистер одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі, еңбек ардагері – Қабақбаев Жанғабыл Жұмағалиұлы сонау бір замандарда, қаптаған қалың жауға қасқая қарсы тұрып,  жас өмірлерін өлімге қиған батырлар Бекет Серкебайұлы мен Ерназар Кенжалыұлының  өмірлері мен ерліктері жайында ойларын ортаға салды.    
        Батырлар туралы бізге жеткен құнды дерек-жасындай жарқылдап өткен аз өмірлері арқылы халқының санасына өшпестей із қалдырған, ел-жұртының айрықша қастерлеп, арнап шығарған «Бекет батыр» тарихи жырының шығу тарихын жыршы ЖолымбетовДемеубай Құрмашұлы әңгімелеп, жырды орындады.

23 мамыр күні кітапханада Ұлы ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай     1 сәуір мен 17 мамыр аралығында  жарияланған «Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат» облыстық эссе жазу байқауының қорытындысы өтті.
           Байқау нәтижесімен, 36 қатысушының  эссе жұмыстары байқау комиссиясының төрағасы, ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Н.А.Қалауов және мүшелері: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің PhD докторанты, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Обаева, №30 қазақ орта мектебі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ж.Қобландина, ұстаз, ақын, көркем өнер иесі С.Қайдасовтың тексеруімен іріктеліп, 7 қатысушы жүлделі: С.Бәйішев атындағы Жоғары медициналық колледжінің 2-курс студенті Әліби Батырбекұлы Сағидолла бас жүлдеге, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің студенті Мәдина Болатқызы Төлеуіш I орын, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 11-класс оқушысы Карина Муратовна Лукманова II   орын, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп гиназияның 10 - класс оқушысы Әділхан Диана Серікжанқызы III орындарға ұсынылды.

Халық батыры Сапура Мәтенқызының 270 жылдығына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ САПУРА» республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – оқырмандарға Халық батыры Сапура Мәтенқызының есімін ұлықтап, ол туралы айтылған халық аузындағы аңыз-әңгімелер мен шығармаларды насихаттау.
         Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Табылды Досымов» атындағы қоғамдық республикалық қорының жетекшісі, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бижан Қалмағанбетов, ақын, «Ерен еңбегі үшін» және «Құрмет» ордендерінің иегері, ҚР Жазушылар  одағының Ж.Нәжімеденов атындағы сыйлығының лауреаты Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын,  ҚР Жазушылар және Журналистер  одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауов, Филолог-өлкетанушы, облыстық тарихи-өлкетану  музей  жанындағы «Руханият» патриоттық-танымдық клуб төрағасы, «Аманат» экспедиция  жетекшісі Жібек Абдуллина, облыстық тарихи-өлкетану музейінің  Қобда сектор бөлімінің меңгерушісі Гулбаршын Ерғалиева, белгілі мүсінші, ҚР Сүретшілер одағының мүшесі Ахмет Құбаев, тарихшы, өлкетанушы Исламғали Бітік, кітапхана оқырмандары мен Ақтөбе гуманитарлық колледжі, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің студенттері қатысты.

        28 сәуірде оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі елі мен жері үшін намыс туын биік ұстаған, ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы ұлт азаттық қозғалысының «Алтын сапты, алмас қылышты»  қолбасшысы Сәрке батырға арналған «Қазақтың халық батыры-Сәрке батыр» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
       Ресейдің Челябинск қаласынан зум қосымшасы арқылы қосылған «Азамат» қазақ қоғамы төрағасының орынбасары Мельс Жетпісбаев Сәрке батырдың қиын-қыстау кезеңде жауларға қарсы шығып башқұрт халқын қолдап, қорғауы жайында ойын ортаға салды.    

Биыл ұлт мақтанышы Есет Көтібарұлының туғанына 220 жыл толды. Осы атаулы мерейтойға байланысты С.Бәйішев атындағы АОӘҒ кітапханасында «ЕЛ КӨСЕМІ – ЕР ЕСЕТ» тарихи-танымдық шара өтті.Шара барысында Жұманазар Асанов Есет Көтібарұлының өмірбаяны мен әулиелік қасиеті туралы айтты. ZOOM қосымшасы арқылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Самат  Құрманалин сөз сөйлеп, ғылыми жаңалығымен бөлісті.  Сонымен қоса, М.Оспанов атындағы БҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанар Төлепберген,  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Жаңғабыл Қабақбаев, ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер  одағының мүшесі, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауов, академик, Халық емшісі, Есет Көтібарұлының ұрпағы Нағипа Мырзабайқызы, журналист, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған кризистік орталығы» КММ директоры Бақыт Жаншаева  қатысты. Шара барысында «Бес ғасыр жырлайды» жинағына енген батырдың өлеңдері оқылды. Сондай-ақ шараға қатысушыларына «Есет батыр – ел есінде» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Соның ішінде З.Байдосұлының «Үш ғасыр перзенттері», Т.Төлепбергеннің «Есет Батыр», С.Құрманалиннің «Кіші жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі (1847-1858)», Ғ.Ахмедовтің «Жем бойында», Т.Төрехановтың «Дала Геркулесі» және т.б. шығармалары оқырмандарға насихатталды. Шара соңында С.Бәйішев атындағы АОӘҒ кітапхана директорының орынбасары Ақтоты Салиева  баяндамашыларға алғыс хат табыстады.

21 сәуір күні Ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Бала жанының бағбаны»республикалық конференциясы өтті.
Шараға ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ахатұлы Ашықбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Талғат Бұрханұлы Тілеулесов, М.Әлімбаев атындағы №25 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Нұрмұханова Мереке Ерлановна, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Саламат Гаухар, Халықаралық Журналистер одағының мүшесі, кітапхана оқырманы Сабырғалиев Нұрлыбек қатысты.
Кеш қонақтары ZOOM платформасымен Павлодар қаласы М.Әлімбаев атындағы мектеп кітапханашысы Мұсабаева Ләззат Қазтаевна, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханашысы мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Алиева Мөлдір Ермекбайқызы қосылды.
Шара барысында «Өлең кернеп барады жүрегімді» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Ульяновск қаласының №4 Е.Евтушенко атындағы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық бюджеттік мәдениет мекемесімен «Шекарасыз әдебиет» жобасы аясында  онлайн кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты - әдеби бірлестіктердің ынтымақтастығы мен достығы, жазушылар мен ақындардың шығармашылығымен таныстыру.
Баяндамашылар: Е.Евтушенко атындағы №4 мамандандырылған кітапханасының бөлім меңгерушісі Т.Андрюкова, Ульяновск МБУК ОКЖ №1 «Өнер әлемі» мамандандырылған кітапханасының меңгерушісі Н.Никитина, Е.Евтушенко атындағы №4 кітапхананың жетекші кітапханашысы М.Киселева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Б.Снабаева, ақын, журналистика  саласының ардагері М.Түгілова, ҚОХУ Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті Е.Емельянова, «№17 гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Хабарова,  А.Ермекова атындағы «№23 ЖОМ»  кітапхана меңгерушісі  О.Гаращенко.

18 сәуір күні  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Адам жанының суреткері» республикалық онлайн конференциясы өткізілді.Конференцияға ZOOM платформасы арқылы Орал қаласынан Академик, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану академиясының мүше корреспонденті, филология ғылымдарының докторы , профессор Мұсаев Алпысбай Мұсаұлы, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Қараманова Жанат, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Дүйсембаева Ботакөз, А.Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасы негізгі кітап қоры бөлімінің меңгерушісі Сералиева Гүлзира қосылды.

       11 сәуір күні   оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым Х.Досмұхамедұлының 140 жылдығына орай    «Арнаған азат таңға жан өрісін» тарихи-танымдық кеш өткізді. 
     Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, ф.ғ.к., доцент Н.А.Сәдуақас пен тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.М.Еспенбетова, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті,т.ғ.магистрі, аға оқытушы Б.А.Молдин,М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, экономика ғылымының магистрі А.К.Мырзагулова, Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебінің мұғалімі Б.Ә.Кәриева қатысып, халқымыздың ғылымын дамытуға, тілін сақтауға, тарихын зерттеуге, өнері мен әдебиетін өркендетуге білім беру және денсаулық сақтау салаларын ұйымдастыруға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған ардақты тұлға жайында баяндады.
       Кешке М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық  колледж  оқытушылары мен студенттері, №32 мектеп-гимназия оқушылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.
      Шара барысында «Тұлға тұғыры» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның өмірдерегін сипаттаған слайд және «Х.Досмұхамедұлы-ұлт мақтанышы» атты  деректі фильм  көрсетілді.

    16 наурыз күні «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында таңдалып алынған жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жыл толуына орай Ырғыз аудандық кітапханасымен бірлескен «Замана перзенті» әдеби кеші өтті.
    Шарада ҚР құрметті журналисі, өлкетанушы Рахымжан Өтеміс, жазушы Өтебай Қанахиннің інісі Абзал Байман өз естеліктерімен бөліссе, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, ҚР Журналистер   одағының мүшесі Марат Мырзалы қаламгердің өз қолымен жазған «Рахымжан, Зәкіржан, Маратқа» хатымен таныстырды. №69 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжайнар Алашбаева жазушының әдеби мұрасы туралы баяндама оқыды. Ырғыз ауданының №1 қазақ ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  гуманитарлық ғылым   магистрі Әсемгүл Жолаева «Ата қоныс» эссе-повесіндегі фразеологизмдер қолданысы туралы баяндама оқып, кітапхана қорына «Өтебай Қанахин шығармаларын оқытудың көркемдік маңызы» тақырыбындағы әдістемелік құрал табыстады. Сазгер, «Шығармашылық Академиясы» МКҚК әншісі Нұрталап Жүсіпов әсем әнін шырқады. «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары мәнерлеп өлеңдер оқыды. Қалалық ЖОББМ-терінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ,  Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттері шараның куәгері болды. Шара барысында өмірі мен шығармашылығына арналған «Кең тынысты суреткер» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды және слайд көрсетілді.