«Саз әлемінің Сардары» атты облыстық оқырмандар конференциясы

 

Ақтөбе облысында қазақ өнерінің алыбы, композитор, музыкант Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай «Саз әлемінің Сардары» атты облыстық оқырмандар конференциясы өтті. Шараның негізгі мақсаты – ұлттық музыканы насихаттау, жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру болды.

Конференция барысында Ахмет Жұбановтың мұрасы мен ұлттық өнерге қосқан зор үлесі туралы бірнеше баяндамалар ұсынылды. Баяндамашылардың қатарында:

  • «Еренеңбегіүшін» медалініңиегері, ҚР мәдениет қайраткері – Исмагулов Аманжол Дюсенұлы;
  • Ақтөбе облыстық өлкетану музейінің қор қызметкері – Жақсылықова Зейнеп Айжарыққызы;
  • Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжініңжоғары, арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші – Шумақова Шолпан Ахметқызы;
  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Музыкалық білім» білім бағдарламасының 2 курс магистранты, «Халықты құжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблі жәнеАқтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің концертмейстері – Кадыр Жанетта Нұрланқызы;
  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Музыкалық білім» бағдарламасының 3 курс студенті – Сартаев Бауыржан Бегенішұлы.

Ғылыми жетекшісі: Мукеева Нуржамал Ерсаиновна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

ZOOM (зум)платформасында Ахметжәне Ғазиза Жұбановтар мұрасын зерттеу (мемориалды музей) бөлімінің жетекшісі Бүеш Рыскуль Сагатовна, филология ғылымдарының кандидаты, С.Бәйішев атындағы университеттің академиялық доценті Жұбанова Ардақ Есетқызы, пианист және композитор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, халықаралық байқаулардың лауреаты Карина Нұрланқызы Измайлова өз естеліктерімен бөлісті.

Конференция аясында АхметЖұбановтың белгілі шығармалары – «Көктем», «Тәжікбиі 1», «Тәжікбиі 5», «Би күйі»туындылары орындалды. Бұл композициялар қазақ музыкасының рухани әлеміне қосқан бағалы үлесі болып табылады.

Ұлттық өнердің жанашыры атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттертаныстырылып, ұлттық өнерді насихаттау мақсатында әдеби материалдар ұсынылды.

Конференцияға мәдениет қызметкерлері, Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің және Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл шараның маңызы өте зор, себебі ол жастарды ұлттық мәдениетке баулып, олардың өнерге деген қызығушылығын арттырады.
Ахмет Жұбановтың шығармашылығына арналған бұл конференция – ұлттық мәдениетті дәріптеуге бағытталған маңызды рухани іс-шаралардың бірі. Мұндай шаралар жас ұрпақтың өнерге деген құштарлығын оятып, елдің мәдени мұрасын сақтау мен дамыту жолында маңызды қадам болып табылады.

WhatsApp Image 2026 04 28 at 151715WhatsApp Image 2026 04 28 at 151726WhatsApp Image 2026 04 28 at 151735