- 59
Бүгін «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің классик жазушысы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Тәкеннің асыл мұрасы» атты әдеби кеш өтті.
- 49
Халықаралық композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ақтөбе педагогикалық институтының профессоры Мақсым Менкешовтің «Ұлттық дәстүрден ұлағат» кітабының таныстырылымы өтті.
- 60
15 қазан күні жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті заңгері Назарбек Қалыбекұлы Нұрмағанбетовтың «Сайыпқыран. Жарқамыстан Америкаға дейін» кітабының таныстырылымы өтті.
- 63
8 қазан күні Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының құрметті байланысшысы» Кәрім Айнабековтің 85 жылдығына арналған «Жұлдызы жоғары қаламгер» поэзия кеші өтті.
- 56
С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана мен Ақтөбе көпсалалы «АГУ Тарлан» колледжі Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған «Дарынды тұлға» танымдық кешін өткізді. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, ұстаз Жанболатова Балдәурен «Тарлан ақын» атты баяндама жасады. Жыршы Демеубай Жолымбетов Иса ақынның «Желдірмесін» орындап, шығармашылығына тоқталды. Студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кітапханашы Какенова Гүлбану «Дауылды жырдың дүлдүлі» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында колледж директорының тәрбие ісі орынбасары Омар Нұргүл Жақсыкелдіқызы қатысушыларға алғысын білдірді.
- 47
Бүгін ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған тағылымды кеш өтті.
- 48
Бүгін кітапханада Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик Мұхтар Шеріммен «Семсер сөзді сатирик» кездесу кеші өтіп, қаламгердің «Супер бетсіздер» сатиралық романы таныстырылды. Аталған шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «KitapTime» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында өткізіліп отыр.
- 39
Бүгін журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әлия Қаһарманқызы Бөпежанова және Түркия елінен арайлы Ақтөбемізге табан тіреген жас ақын, аудармашы Фатих Сұлтан Йылмазбен сырлы сұхбат өтті. Шара соңында Фатих Сұлтан Йылмаз қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты.
- 41
Бүгін «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жазушы, сатирик, журналист Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына арналған «Сырымды айтайыншы» әдеби кеші өтті.
Аталған шараға жазушы, сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төрежан Мәндібай, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, білім беру және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауов, журналист, сатирик, жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ардақ Қонақбаева, Қазақстанның мәдениет қайраткері, жазушы сатирик, сатира жанры бойынша Үмбетбай Уайдин атындағы жүлде иегері, «Екі Езу» әзіл - сықақ театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан, «Ер Едіге» жыр мектебінің көркемдік жетекшісі, жырау, ұстаз Әділбек Сарин, кітапхана оқырмандары мен студент-жастар қатысты.
- 50
10 тамыз күні Абай даңғылында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай күні» әдеби фестивалі өтті.













.png)










