- 175
10 сәуір күні қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, қоғам қайраткері, минерология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым академиясының академигі,Ұлттық ғылым Академиясының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы жастарды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеп, отансүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатында «Өмірі ойға толы, Қаныш аға...» дөңгелек үстелі өтті.
- 196
27 наурыз күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әмбебап ғалым, ағартушы-педагог, аудармашы Телжан Шонанұлының 130 жылдығына арналған «Ұлт намысын биік ұстаған тұлға» атты тағылымды кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - Телжан Шонанұлының қоғамдық ғылыми-педагогикалық мұраларын оқырманға кеңінен таныстыру, саналы ғұмырын ағартушылыққа, ғылым-білімге арнап, өз ұлтының көкірек көзін ашып, рухын оятуға талпынған әмбебап ғалымның өмірі мен шығармашылық жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, насихаттау.
- 206
15 наурыз күні «Оқитын өлке» облыстық акция аясында таңдалып алынған жазушы, аудармашы, журналист Сара Мыңжасарованың 100 жылдығына арналған «Әйел бақыты» әдеби кеші өтті.
Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы, Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Құрманқұлов, жазушы, сатирик, ҚР Журналистер одағының мүшесі, театртанушы Ардақ Қонақбаева, Сара Мыңжасарованың туыстары Жаңылдық Көптлеуова, Райымбай Ақтаев қатысып, қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті. Әдеби кеште оқырмандарға Алматы қаласынан ZOOM платформасы арқылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Балбұлақ» журналының авторы, белгілі журналист Мағира Қожахметова жылы лебізін білдіріп, шығармашылық жолда Сара Мыңжасаровамен қалай танысқаны, өмірінің соңғы күндеріне дейін жақын араласқаны туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Сермұханова Зеріп Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» шығармасынан үзінді оқып, кітапхана оқырманы Қарлығаш Ержігітқызы «Әйел бақыты» романы бойынша өз пікірін білдірді. «Арай» өнер мектебінің оқушылары Дания Мейірманова, Әдемі Сейсенбай, Камила Сағынаева Сырдың «Қара торғай» әнің тамаша орындап берді.
- 337
14 наурыз күні археолог, этнограф, тарихшы, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы» тарихи – танымдық сағаты өтті.
Шараның басты мақсаты –өскелең ұрпақтың бойына мәдени құндылықтарды қалыптастырып, ұлы ғалымның еліміздің тарихы мен этнографиясы саласындағы мол мұрасын жеткізіп, өмірі мен ғылыми жолын жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.
- 202
13 наурыз күні қазақтың данышпан биі, көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке би Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Бабаға тағзым» тарихи-танымдық кеші өтті.
Әйтеке - дана би ғана емес, ұлттық мақтанышымыз, қазақтың жүз жылда бір туар арысы, артына өшпес із қалдырған адал перзенті. Өз халқына, ел-жұртына адал қызмет еткен, оның іргелі ел болуын жатпай-тұрмай ойлаған мұндай тұлғалар арғы-бергі тарихымызда өте аз. Әйтеке би сонысымен де ұлы адам.
Шарада кеш қонақтары: Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Е.Ж.Құрманбеков, «Қазақстан өлкетанушылар одағы» облыстық филиалының төрағасы, «Қазақстанның үздік өлкетанушысы» Б.Б.Мырзабаев,«Алшын Әйтеке би» қоғамдық қорының төрағасы әрі ұрпағы Б.Шайманов қазақтардың біртұтас мемелекет болуын аңсаған, сол үшін күрескен атақты тұлғаның өмірі мен ел үшін жасаған еңбегі туралы айтты.
- 188
Музыка сыншысы, этнограф, композитор Затаевич Александр Викторовичтің 155 жыл толуына орай «Қазақтың ән қазынасын жинақтаушы» тақырбында шара өткізді.
Шараның мақсаты: XX ғасыр басындағы қазақ ән өнерінің насихатталуына өзіндік үлес қосқан өнер қайраткері Александр Викторович Затаевичтің еңбегін насихаттау.
Шара барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР композиторлар одағының мүшесі Мукеева Нұржамал Ерсайнқызы саналы ғұмырының кезеңдерін қазақтың ескі ән - күйлерін жинап, көне сарындарды нотаға түсіріп, қазақ ән-күйінің тарихына қатысты кітап жазуға арнаған, өнер шырақшысы - Александр Викторович Затаевичтің өмір жолы мен ұлттық руханиятымызда алар орнын, шығармашылығы турасында баяндады.
- 286
29 ақпан күні «Оқитын өлке» облыстық акция аясында таңдалып алынған лирик ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына арналған «ӘНГЕ АЙНАЛҒАН САҒИ ӨЛЕҢДЕРІ» әдеби-музыкалық кеш өтті.
Шараға Сағи Жиенбаевтың тумасы Игілік Шынбайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Ана» республикалық журналының редакторы, «Шолпы» қоғамдық қорының басшысы Алмагүл Сарыбаева қатысып, қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті.
- 328
26 ақпан күні кітапханада «Оқитын өлке - 2024» облыстық акциясы аясында таңдалған ақын Сағи Жиенбаев және жазушы Сара Мыңжасарованың шығармалары бойынша ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Шараға қалалық №9 орта мектеп-гимназиясы 9 класс оқушылары қатысып, Даниил Бедный, Нұрдәулет Бидәулет, Жанель Тулегенова, Амина Акмурзаева, Индира Каиржанова, Саида Серик, Мерас Молдабай, Валерий Клячков ақын Сағи Жиенбаевтың «Саяхат», «Я сын степи», «Улыбка мамы», «Песня о степи», «Радуга», «Я так хочу, чтобы стихи мои ...» және т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
Шара барысында кітапхана қызметкері Рысжан Карагулова «Сырлы саз, жырлы наз», «Рухы мықты жазушы» кітап көрмелеріне библиографиялық шолу өткізіп, қаламгерлердің өмірбаяны мен шығармалары туралы мәліметтер берді.
- 222
22 ақпан күні қазақ әдебиетінде ерекше орын алған талантты ақын әрі аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі І. Мәмбетовтің 95 жылдығына арналған «Ақ борандай дүлдүл ақын» поэзия кеші өтті.
Шарада Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ұ.Молдағалиева алғы сөз сөйлесе, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы, Ақтөбе облыстық филиалының директоры Б.Құрманқұлов пен ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Үш таған» журналының бас редакторы Е.Ашықбаев, ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі Т.Тілеулес лирик ақын І.Мәмбетовтің шығармашылығы жөнінде тұшымды әңгіме айтты.
