Жаңалықтар

24 қазан күні  аудармашы, әдебиеттанушы, публицист, жазушы Герольд  Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай  «Ұлт жанашыры»  дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы - Гүлімай Әбішқызы, С.Бәйішев атындағы  университетінің аға оқытушысы, ақын  Гүлжахан Төреханова, Халықаралық Журналисттер Одағының мүшесі, әдебиет сыншысы Нұрлыбек Сабыргалиев  қатысып, Г.Бельгер туралы баяндама оқып, сөз сөйледі.  Кітапхана оқырманы  №48 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Адия Құрманова Г.Бельгердің  «Казахские запреты» (Қазақ тыйымдары) туындысын оқыды, кітапхана қызметкері Қызғалдақ Алпысбаева ақын  Ж.Нұрқанның «Біздің  Бельгер» өлеңін оқыды.
   Шарада « Қазақ деп соққан жүрегі», атты кітап көрмесі ұйымдастырылып , бейнематериал көрсетілді Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық- техникалық колледжі студенттері қатысты.

19 қыркүйек күні  «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында және «Қаламгер» әдеби қонақжайында ақтөбелік ақын Балагүл Бакиевамен  «Көңіл толқыны» поэзия сағатына  өтті. Ақтөбелік ақын Балагүл Бакиева шығармашылығын қалың оқырманға таныстырып, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстанға аты мәшһүр ғалым, филология ғылымдарының докторы профессор Жұбаназар Асанов, ақын-драматург, ҚР Ұлттық педагогикалық ғылым  Академиясының академигі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері Нұрлыбек Қалауов, ақын, журналист Индира Өтеміс және кітапхана оқырмандары қатысты.  Шара барысында кітапхана қызметкері Рысжан Болашқызы «Жанымның күйісің, Тәңірдің сыйысың – Өлең!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп, шара жұогізуші Қызғалдақ Алпысбаева ақын Балагүл Бакиеваға арналған фото-шежіре слайд, ақын Гүлимай Әбішқызы және кластасы Жансұлу Есмағанбетова жолдаған бейнеқұттықтауды ұсынды. Сонымен қатар,  оқырмандар Ерсұлтан Шығанақ, Әсел Еркінқызы ақынның «Ұзату», «Менің қалам», «Жаз», «Пешене», «Сынағыңа шыдамым мың»  өлеңдерін оқып, қаламгер Балагүл Бакиева «Ризамын» әнің тарту етті. Оқырман сауалдарына жауап беріп, өзінің шығармашылық жолы және алдағы жоспарлары туралы баяндады.  Кітапхана директорының м.а. Айгүл Крымқұлова шара қонағына шығармашылық табыстар тілеп, сый-сияпат көрсетті.

6 қыркүйек күні «Шекарасыз әдебиет» халықаралық жобасы аясында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына, Орынбор губерниясының 280 жылдығы және Орынбор облысының 90 жылдығына арналған «Достық пен ізгілік мерекесі» атты онлайн кездесуі ұйымдастырылды.
   Шараға Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Светлана Мячина мен Ульяновск орталық кітапханасы директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары Александра Буйлина қатысты.
  Сондай-ақ, Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызмет көрсету секторының меңгерушісі Екатерина Косцова Орынбор губерниясы мен Орынбор облысының тарихын айтып, «Оренбуржье» бейнефильмін ұсынды. Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айгүл Утевалиева  «Казахские имена на карте Оренбурга»  фото-тарихи слайдымен таныстырды.
   Шара барысында оқырмандар ақтөбелік суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ақын Ирина Құрманалина мен оның жары, суретші Алмас Құрманалинмен кездесті. Сонымен қатар,  орынборлық ақын, прозаик, драматург, журналист Павел Рыковпен сұхбаттасты.

26 тамыз күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылары және Журналистері одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мәди Айымбетовпен кездесу кеші өтті. Ақтөбелік жазушы Мәди Айымбетовтың шығармашылығын қалың оқырманға таныстырып, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Байғанин ауданының құрметті азаматы Түрікпенбай Айжарықов,  «Ақтөбе-Медиа» компаниясының директоры, ҚР Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Құрманқұлов, Ақтөбе мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Өнер және халық шығармашылық» бөлімінің  бас маманы Ұлмекен Молдағалиева және т.б. зиялы қауым өкілдері, журналистер, қалалық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, кітапхана оқырмандары қатысты.

15 тамыз күні кітапханада «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі»  диско-лекциясы өтті. Мақсаты – оқырмандар арасында кітап оқу мәртебесін  көтеру, қызығушылықтарын ояту, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға «Абай TV» телеарнасы түсірген «Жәдігер» бағдарламасынан үзінділер ұсынылып, Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, қаламгердің «Менің атым Қожа» атты повесі желісімен қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаев түсірген фильмнен үзінділер көрсетіліп, кітапханашы Рысжан Карагулова 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болғаны, 2022 жылы елордадағы «Жетісу» саябағында «Менің атым – Қожа» кітабының бас кейіпкері Қожаға ескерткіш орнатылғаны туралы айтып берді. Шара барысында кітапхана  қызметкері  Айгерім Жасанова «Берен талант Бердібек» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Мәдени шара соныңда белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевтың сөзіне жазылған дарынды композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Туған ел» әні орындалды.

14 тамыз күні «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында өзінің тың идеяларымен, жаңашылдығымен, өзіндік стилімен әдебиет әлемінде қалың жұртшылықтың назарын аударып жүрген  жас жазушы, «Таласбек – 2023» республикалық әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әлихан Жақсылықтың  «Африкадан Аляскаға» атты жаңа кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандары  қатысып, жазушылар Ардақ Қонақбаева, Нұрлыбек Жұбатқан, ақын Гүлімай Әбішқызы жас қаламгерге жылы лебіздерін білдірді. Әлихан Жақсылық  «Алты құрлық», «Төрт мұхит» хикаяттар жинағы мен 2024 жылы қазақ тілінде және Лондон қаласында ағылшын тілінде жарық көрген «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романының авторы. Сонымен қатар «Үкілі әуен», «Күшті көліктер», «Қаһарман», «Ырысты ыдыстар» сияқты ұлттық танымдағы анимациялық жобалары қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіндердің дүниетанымын кеңейтуде үлкен үлес қосып отыр. Шара барысында жазушы өз шығармашылығы жөнінде сұхбат беріп, сұрақтарға жауып бірді. Оқырман назарына кітапханашы Балагүл Бакиева арнайы ұйымдастырылған «Талантті қаламгер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді.

Семинар  аясында  ұйымдастырылған  «Ұлт ұйтқысы – Ұлттық құрылтай» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Аманат» партиясы Ақтөбе филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі А.М.Сахиев «Адал адам – адал еңбек – адал табыс – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті», Ырғыз аудандық орталық кітапханасының құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Ә.Х.Қартанова «Озық ойлы ұлт болудың  жолы – кітап оқу»,  Байғанин аудандық орталық кітапханасының құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Ш.Ж.Жаулыбаева «Ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар», Ойыл аудандық орталық кітапханасының электронды каталог редакторы Ж.Е.Батырғалиева   «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» тақырыптарында баяндама оқыды. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөз болған ұлттық құндылық, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық сана мәселелері талқыланды. «Ұлттық құрылтай: «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» кітап көрмесі жасақталды.

 С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен  Актөбе қаласының Қалалық көркемсурет лицейі – ЮНЕСКО Клубы   бірлесіп  «КІТАП Fest 2024» фестивалі аясында суретші, әрі оқытушы  Русановская Светлана Валентиновнаның «Слон в оранжевом берете» тақырыбында шығармашылық  кешін  өткізді.
   Мақсаты – әдеби көркем поэзиялық туындыларды оқи отыра, балалардың ой қиялын дамыту; өскелең ұрпақты шығармашылықпен айналысуға тарту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті, эстетикалық  талғамды дамыту.  Шығармашылық кеш барысында Светлана Валентиновна өзінің шығармашылық  жолы туралы, бейнлеу өнерімен  қатар балаларға арнап өлең жолдарын жазып жүргендігі туралы сыр бөлісті.  Өзінің өлеңдерін оқыды.  Кездесу барысында көркемсурет лицейінің әдіскері Калдыбаева  Гүляим  Умбетярқызы қатысушыларға  Светлана Валентиновнаның таңдауға 5 түрлі балаларға арналған өлең шумақтарын беріп, сурет салуларын  ұсынып, шеберлік  сағатын өткізді. Қатысушылар сурет салып, өнерден жақсы әсер алды. Сонымен қатар, С.В.Русановскаяның балаларға арналған өлең шумақтарына салынған  лицей оқушыларының салған суреттерінің көрмесі қойылды.    Көркемсурет  лицейінің оқушылары, оқытушылары  және «TALANT-light»  қызығушылық  клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.

  4 маусым күні «Кітап фестивалі - 2024» аясында актөбелік жазушы Мади Раимовтың «Хранитель» жаңа кітабының таныстырылымы өтті.  Шара барысында оқырмандар жазушының шығармашылығымен танысты. Ол «Последний оплот тюрков», «Тюрки южного Кавказа», «Однажды в Грузии», «Молитва», «Хранитель» атты кітаптардың авторы. Жаңа кітабының таныстырылымына Ақтөбе  облысының  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының  орынбасары Мәншүк  Балмагамбетова   қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл шараға кітапхана оқырмандары, қала зиялылары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, жазушының туыстары мен достары жиналды. Автор ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдіріп, барша жиналғандарға ризашылығын білдірді. Шара соңында кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова кітап авторына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

3 маусым күні «Кітап фестивалі -2024» кітап мерекесі аясында  ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ізтай Мәмбетов атындағы сыйлықтың иегері Гүлімай Әбішқызымен «Сәлеметсіз бе, Бақыт?!» атты кездесу кеші өтті. Кешке Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова бастаған мәдениет қызметкерлері, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.