- 95
17 қазан күні Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақтың көрнекті жазушысы» әдеби кеші өтті. Әдеби кешке ақын-жазушылар, қаламыздағы мектеп мұғалімдері және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты. Жазушы, ардагер-ұстаз Жұмабай Асарбаев, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі Зияш Телеуова, №31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері Гүлфиза Құспанова, ақын, филология магистрі С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушысы Гүлжахан Төреханова, Ә.Нұрпейісовтың немере інісі Әбдіғапбар Сламбаев және немере қарындасы Күлпатша Шоқыманқызы, ақын, «Керек.INFO» газетінің редакторы Индира Кереева, №51 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Смайлова жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, қызықты естеліктерімен бөлісті.
- 76
Биыл XVI ғасырда өмір сүрген Орталық Азия тарихшысы, әдебиетші және қоғам қайраткері, 1411-1551 жылдардағы Үндістанның Кашмир өлкесінің билеушісі, әйгілі «Тарих-и-Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидың туғанына 525 жыл. Осыған орай, кітапхана қызметкерлері Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Еспенбетова АйнагүлМейрамбекқызы, Ә.Кекілбаев атындағы №72 ЖББО ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, Республикалық "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпазы, "Қазақстанның әкелері" Республикалық әкелер қоғамдастығының құрылтайшысы, Алтынсарин төсбелгісінің иегері Тобылбаев Еркін Теміржанұлының қатысуымен «Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы» кітапханалық ауызша журнал өткізді.
- 86
15 қазан күні даниялық қандасымыз, экономист, мемлекетті экономикалық басқару мен жекелеген бизнес секторын экономикалық тұрғыдан басқарудың кәсіби маманы, қазіргі таңда әлемдегі ең ірі және ең алғашқы жел генераторларын өндіруші даниялық "Vestas" компаниясының бас кеңсесінің бизнес-сарапшысы Қажы Акбар Аюбимен жастарға өмір жолынан және еңбек етудің адам өміріндегі орнын сезіндіру арқылы қоғамдағы өзгерістерге назар аудара отырып, азаматтық позициясын қалыптастыру мақсатында кездесу кеші өтті. «Қазақстан өлкетанушылар одағы» облыстық филиалының төрағасы, «Қазақстанның үздік өлкетанушысы» Мырзабаев Бекарыстан Боранқұлұлы алдымен қазақ тарихының өткен кезеңдері туралы ақпарат беріп, аласапыран күндер қазақтың алқымынан алғанда, үдере көшкен елге еріп, басқа елге қоныс аударуға мәжбүр болған Аюбилер ұрпағы Дания еліндегі қандасымыз Қажы Акбар Аюбиді таныстырды.
- 77
15 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың біртуар ақыны, жалынды жазушы, дарынды драматург, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған «Сәкеннің сыршыл әлемі» әдеби кеші өтті. Кешке ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызы, журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Индира Кереева мен №8 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шатенова Айнаш Тәжіқызы қатысып, оқырмандарға С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде сыр шертіп, тың ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, жыршы Демеубай Құрмашұлы ақынның «Тау ішінде» әнін көрермендерге тарту етті. Шара барысында Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы жолдаған бейне-сюжет көрсетілді. Әдеби кеште №8 орта мектебінің 10-сынып оқушылары Бейбарыс Жандыков, Ислам Сагиндиков, Ислам Сайынов, №45 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әмина Аманғос, Қ.Жұбанов АӨМУ студенті Айдана Қайырбек ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақынның шығармашылығына арналған «Сәкеннің сыр сандығы» кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу таныстырылды. Кеш соңында кітапхана директоры Хакимова Сұлушаш Максимқызы шара қатысушыларын алғыс хатпен марапаттады.
- 70
8 қазан күні қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматургі Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қанатты қаламгер» әдеби кеші өтті. Шараға журналист, сатирик А.Қонақбаева, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Р.Жұмағалиева, №51 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Смайлова Нұргүл, Алға ауданы, Маржанбұлақ орта мектебінің ұстазы С.Мұқанов қатысты. Олар Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы тың ақпараттарымен бөлісті. Б.Майлиннің «Мырқымбай», «Күлпәш» секілді кейіпкерлері мен қазақы болмысты сыйпаттау шеберлігі жөнінде баяндады.
- 116
30 қыркүйек күні ана тілінің абыз анасы атанған, ҚР ҰҒА академигі, лингвист ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздықтың 100 жылдығына арналған «Тіл білімінің тарланы» атты online республикалық конференциясы өтті.
Ғалымның өмір жолы мен мол мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған конференцияға Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Назимат Демешева, Қазақстан Өлкетанушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, өлкетанушы, тарихшы Бекарыстан Мырзабай, Ақтөбе қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин, Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті филология ғылымдарының кандидаты Күлшат Кондыбай және Рәбиға Сыздықтың шәкірттері: Лев Гумилев атындағы ЕҰУ филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Мұратова (Астана қ.), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология ғылымдарының докторы, профессор, ғалым Орынай Жұбай (Алматы қ.), филология ғылымдарының докторы, Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжениринг университеті қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Бибайша Нұрдәулетова (Ақтау қ.),
- 132
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 30 қыркүйек күні «Кітапхана қорларының сақталуын қамтамасыз ету: негізгі тәсілдер» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.
Вебинарда «Кітап қорларын қорғау және сақтау қағидалары» тақырыбында С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қорларды сақтау бөлімінің кітапханашысы А.С.Кемалова кітапхана қорларының білім мен мәдениетті сақтаудағы маңыздылығын талқылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметі бөлімінің меңгерушісі А.М.Шоманова кітап қорларын консервациялау және қалпына келтіру жұмыстары бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қорларды сақтау бөлімінің меңгерушісі М.Ә.Аманбекова тарихи кітаптар мен сирек басылымдардың маңыздылығын айтып, сақтау ережелерімен бөлісті. С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Н.А.Өмірзақова сирек кітаптар мен құжаттарды цифрлық форматқа көшіру арқылы олардың қолжетімділігін арттыру және физикалық тозуын азайту, кітап қорларын ұзақ мерзімді сақтау үшін маңызды құрал ретінде цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстары барысындағы тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға облыстық, аудандық, қалалық негізгі қорларды сақтау бөлімінің кітапханашылары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кітапхана ісі факультетінің студенттері қатысты.
- 108
27 қыркүйек күні мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының 120 жылдығына орай «Өз заманының ұлы тұлғасы» республикалық конференция өтті. 13 жыл Үкіметті басқарып, 1938 жылдың жазында бар-жоғы 34 жаста жоғары қызметтің жауапкершілігін арқалаған көрнекті тұлғаның өмір жолы мен қызметін, қазақ халқы үшін жасаған ерен еңбегімен таныстыру мақсатындағы шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Демешова Назимат Бекқазықызы алғысөзбен ашып берді.Конференцияға Алматы қаласынан Нұртас Оңдасыновтың «аманатын арқалап жүрген» жазушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, оңдасыновтанушы ғалым Гүлсім Оразалықызы, Астана қаласынан ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Бабаев Ибрахим Әлімханұлы зум қосымшасы арқылы қосылып, жастарға Нұртас Оңдасыновтың мазмұнды, ғылыми жаңалықтарға толы ғұмырында Қазақстан өндірісі мен экономикасының, ғылымы мен білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, рухани мұрасы жайында кеңінен айтып берді.
- 109
Тұңғыш қазақ архитекторы, ҚР еңбек сіңірген құрылысшысы Төлеу Құлшаманұлы Бәсеновтің туғанына 115 жыл толуына орай «Тұңғыш кәсіби сәулетші» оқырман конференция өтті.
Шара барысында : Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіби - шығармашылық факультеті дизайн білім бағдарламасының профессорлары мен оқытушылары Жәнібек Каржауович Таттыбаев, Боранбай Мурзагалиевич Моменов, Муканбеткали Нурашович Аймаганбетов тұңғыш қазақ архитекторы Төлеу Бәсенов Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, еліміздегі қазіргі архитектуралық мектептің негізін қалаған,сонымен қатар, осы саланың одағын құрып, мамандарын дайындауға үлес қосқан ғалым - педагогтардың бірі болып, артында айтулы із қалдырып қана қойған жоқ, өзінің ерен еңбектерімен кейінге үлгі бола білген, сәулет өнерінің ұлттық түрінің дамуына орасан үлес қосып, қабілетті мамандардың дайындалуын, өсуін, өркеңдеуіне ықпал еткендігі турасына оқырманға толық ақпарат берді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кәсіби -шығармашылық факультетінің 5 курс студеттері Қырықбаева Аружан, Сағынбаева Зарина, Изтаева Айша, Файзуллина Шынар жобаларын таныстырып өтті. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Хакимова Сұлушаш Максимқызы қорытып, қонақтар мен барша қатысушыларға алғысын білдірді. Кітапхана қорында бар Төлеу Бәсеновтің еңбектері мен мерзімді басылымдардың дерек көздерін қамтыған «Сәулетші жолы – ұлт құндылығы » кітап көрмесі жасақталды.
- 140
25 қыркүйек күні ұстаз-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, профессор Амангелді Айталының 85 жылдығына арналған «Айтулы Амангелді Айталы еді ...» еске алу кеші өтті.
Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдоллаев, Амангелді Айталының жұбайы Гүлжан Битөре, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрбек Нұрғалиев, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кітапханалық сервис және даму бөлімінің басшысы Абзал Жайлаубаев және т.б. зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
