- 198
20 қыркүйек күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында Ақтөбе облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырған «Туған жер өрнектері» атты облыстық шығармашылық байқауының қорытындысы өтті. Облыстық әдеби шығармашылық іс-шараға С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Т.Тілеулесов, №69 ЖБОМ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Алашбаева, кітапхананың жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс бөлімшесінің баспасөз хатшысы М.Сандыбай қазылық етіп, байқау жеңімпаздарын құттықтап, марапаттарын табыстады.
- 201
20 қыркүйек Көрмелік-бұқаралық жұмыс (коворкинг) секторы ұйымдастыруымен «Отаным - Отбасым» атты отбасылық кездесу-сұхбаты өтті. Шарамызға алтын алқа иегері, медиатор, психолог, тәрбиеші Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы отбасымен қатысты. Сұхбат барысында Бибігүл Әбдішүкірқызы, оқырмандарға отбасының маңыздылығын түсіндіріп, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, отбасы мен ата-ананы бағалауды, сонымен қатар, өз отбасын үлгі ретінде көрсетіп, рухани азық жинап, жас буынға ой салды.
- 262
16 қыркүйек күні кітапханамыздың коворкинг орталығында жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс бөлімшесінің ұйымдастыруымен 18 қыркүйек - Аналар күніне орай «Ана - өмірдің ажары» атты мерекелік кеші өтті. Кеш қонақтары «Отбасын сақтау» орталығының кәсіби медиаторы, Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық комиссиясының мүшесі Лакова Таңсұлу Зағитқызы және Техника ғылымдарының докторы, көп балалы ана, психолог, медиатор Қалел Бибігүл Маратқызы адам өміріндегі ананың алатын рөлі, күнделікті өмірдегі Ана мен Бала арасындағы қарым-қатынас туралы мысалдар келтіре отырып, жастарға пайдалы ақыл-кеңестер берді.
- 166
15 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлері жазушы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы жазушысы» атты ғылыми - танымдық кешін өткізді. Шараға ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Тайжанов Алтай Тайжанұлы қатысып жазушы туралы құнды ойларын ортаға салды.
- 150
15 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлері Ақтөбе гуманитарлық колледжінде белгілі қазақ жазушысы Шерхан Мұртазаұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Бір кем дүние» атты әдеби сағатын өткізді. Шараға аталған колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы турлы мәліметтер беріліп, колледждің оқытушысы Нұргүл Бақытжанқызы жазушының шоқтығы биік туындыларына тоқталып, тағылымды ойларымен бөлісті.
- 168
14 қыркүйек күні коворкинг орталығында «Ой маржаны - кітап» атты медиа жобасы аясында экономика ғылымдары магистрі, «Bookcafe» кітап дүкенінің коммерциялық директоры Нұрсұлтан Ақылбекұлымен «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты өткізілді. Шара барысында «Bookcafe» кітап дүкені жайлы арнайы дайындалған бейнематериал көрсетілді. Кітап дүкеніне қатысты барлық сұрақтарға жауап алынып, кеш қонағы мен көрермендерге қызықты ойындар ойнатылды.
- 241
Ырғыз ауданында «Ырғыз зиялылары және ұлт тарихы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті. С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхананың өлкетану бөлімі «Туған өлке тарихы» тақырыбында кітап көрмесін жасақтады. Көрме «Тарихы терең Ақтөбе», «Билер сөйлеп, батырлар ту көтерген», «Тарих торабындағы тағдырлар», «Ерен еңбекпен есейген», «Ғибрат қылдым кейінге», «Мәдениет пен әдебиет мәңгілік мирас», «Өлкенің табиғи, тарихи-мәдени мұралары» атты бөлімдерден тұрды.
- 249
Биылғы жыл - халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл және елімізде әр жылы қыркүйек айында тойланатын «Тіл мерекесі» күні. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде өткен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық шараға оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Г.Б.Бейсова қатысып, «Алғыр бала Ахметтен – ұлт ұстазы Ахаңа дейін» тақырыбында туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған ғұлама ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап берді.
- 263
14 шілде күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында елімізге белгілі ақын Айбек Қалмағанбетовтың қатысуымен «Жылыойдың жыр жүйрігі» атты әдеби кеш өтті. Кешті С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов жүргізіп, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бижан Қалмағанбетов, Айбек ақынның балалық шағының куәсі болған досы Нұркен Бөлтеков сөз сөйлеп, ақынға жылы лебіздерін білдірді.
- 236
17 маусым күні «KIDS BOOK FEST - 2022» балалар кітап фестивалі аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, қайталанбас дауысымен әлем сахнасын бағындырған әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Халықтың сүйікті әншісі – Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген» атты республикалық эссе байқауының марапаттау кеші өтті.
