- 371
17 қараша күні Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығы аясында Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер бойынша әдебиеттер бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты әдеби сазды шара өткізілді. Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күннің жеңісі. Оқырмандарға, жастарға қазақ халқының ерлігін, даналығын, елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін оятып, елжандылыққа, адамгершілікке, дінін, тарихын құрметтеуге дәріптеу шараның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Алғашқы сөз сөйлеген кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы осынау мерекемен кешке қатысушылар мен оқырмандарды құттықтап, Егемендік алған кезеңнен бергі кітапхана саласының жетістіктерімен бөлісті.
- 331
13 қараша күні «Литература без границ» жобасы аясында Ульяновск қаласы Е. А. Евтушенко ат. №4 қалалық кітапханамен кезекті оnline-кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ақтөбе (Қазақстан Республикасы) және Ульяновск (Ресей) қалаларының жазушылары мен ақындарын таныстыру, әдеби бірлестіктерімен қарым - қатынас жасау. «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі Б.А. Снабаева кітапхананың Ақтөбе ақын - жазушыларымен бірлескен жұмысы мен әдеби өлкетану туралы айтып берді.
- 401
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен Түркістан шаһарына жол тартып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бастау алған игі шара Түркістан облысының «FARAB» атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздікке тарту» атты ақындардың әдеби кездесуімен жалғасын тапты. Рухани керуеннің мақсаты - көп томдық басылымдардың таныстырылымында елімізге белгілі өлкеміздің көрнекті тұлғаларының өлеңдері мен таңдамалы шығармаларын насихаттау. Бүгінде олардың ізін жалғаушы ақтөбелік ақын-жазушылар қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орындарының бар екендігін көрсету. «Ақтөбе кітапханасы» сериясы - кейінге қалдырар қымбат мұраның бір бөлшегі. Сондықтан да бұл мұраның Түркістан тұрғындарына жеткізіп, екі елдің рухани байланысын нығайту.
- 356
11 қараша күні С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімшесі «Тәрбие турасындағы сыр» атты ашық сұхбат алаң шарасын ұйымдастырды. Мақсаты - жас ұрпақтың өзінің және қоғамның алдында, өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезіну, дүниетанымын қалыптастыру, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін құрметтеу, отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру, жаңа идеялар арқылы болашаққа баянды қадам жасап, еліміздің дамуына үлес қосу болып табылады.
- 287
10 қараша күні«Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» акциясы аясында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Саринмен «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты «ZOOM» платформасында тікелей эфирде өткізілді.
- 386
5 қараша күні кітапханада Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, тарихшы-ғалым, профессор Закраддин Байдосов атындағы кабинеттің ашылуы өтті. Ғалымның өзі қатысқан жиынды Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисқызы ашты. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері Еркін Жолмырзаұлы Құрманбек, Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымы атынан Мұхтаров Сабыржан Сағидуллаұлы сөз сөйлеп, ғалымның осы кезге дейін атқарған ғылыми еңбегіне зор бағасын беріп, ашылған кабинеттің ғылым іздеген жастарға өте қажет екенін айтты. Бұл кабинетте Закраддин Байдосовтың тұтынған заттарымен қатар, сонау жылдардағы майшаммен оқыған 1500 дана құнды кітаптары мен ғылыми еңбектері бар.
- 385
4 қараша «Қаламгер» әдеби қонақжайында елімізге белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-сатирик Төрежан Мәндібайдың «ҚАЗЫҒҰРТ-ҚОРАСАН» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шарада кітаптың шығуына демеушілік көрсеткен елге белгілі кәсіпкер, меценат Бақытжан Олжабайұлы, жазушының баласы Ақансері Төрежанұлы және филология ғылымдарының докторы, профессор Жұманазар Асан мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «ЕКІ ЕЗУ» сатира театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан сөз сөйлеп, автордың шығармасына жоғары баға берді.Сөз кезегінде автор шығармашылығы жайлы жастарға әңгімелеп, жастарды кітап оқуға шақырды. Кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы кітапхана ұжымы атынан шараға қатысушыларға алғысын айтып, авторға құрмет көрсетті.
- 415
29 қазан күні 18.00-23.00 аралығында Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облысы бойынша бір уақытта барлық облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларда «Кітапхана түні - 2021» әлеуметтік-мәдени шарасы өткізілді. Ашылу салтанаты Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі мен Жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс секторы ұйымдастырған «Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік кешпен басталды.
- 400
Облыстық кітапхананың «Қаламгер» әдеби қонақжайында Алты алашқа аты мәлім, даланың дана философы атанған Мөңке Тілеуұлының шығармалары Түркияның Стамбул қаласында түрік тілінде басылып шыққан кітаптың тұсаукесері өтті.
Бұл шараға Алматы қаласынан кітаптың шығуына тікелей себепкер болған түрік ғалымы Мехмет Арсылан, «Мөңке би» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Қосанов мырзалар өз құттықтауларын бейне жазба арқылы жеткізді.
- 273
21 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың 80 жасқа толуына орай «Мен – Өлеңмін, Өлмеуім керек менің...» атты әдеби сағат өткізілді. Шараға «Руханият» клубының мүшелері, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М.Адилова және колледж студенттері қатысты.
