- 227
7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздіктің тұғыры биік» тақырыбындағы «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесу кеші өтті.
- 401
24 қараша күні «Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары: жоспарлау және есеп беру» тақырыбында кітапханашылар арасында облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар барысында кітапхананың жылдық жоспары мен есебінің жүргізілуінде туындайтын мәселелер талқыға салынды. Кітапхананың жұмысын жоспарлау және оған негізделген есеп беру - бұл негізгі көрсеткіштерді белгілейтін, бағыттайтын және тіркейтін құжаттар болып табылады.
- 371
15 қараша күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, күйші Момын Нұрпейісұлы Байғаниннің туғанына 85 жыл толуына орай «Өмірі күймен өрілген» атты өмір мен шығармашылығын насихаттауға арналған еске алу кеші өтті.
- 253
Республика күні қарсаңында 21 қазанда кітапхана ісін дамыту, кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізуде жаңашылдыққа іздену мақсатында «Ымырттағы кітапхана - күзгі кездесу 2022» әлеуметтік-мәдени шарасы ұйымдастырылды.
«Абонемент» бөлімі еркін форматта поэзияны сүйетін студенттермен «Поэзия Party» өткізді. Кеш қонақтары жазушы Б. Тәжібаев атындағы номинация иегері – Алихан Жақсылық, жас ақын, Қ. Мұхамбетқалиұлы атындағы номинация иегері – Нұрдаулет Кабасов студенттермен сұхбаттасып, өздерінің жүрек жарды тілектерін айтты. Ақтөбе гуманитарлық колледжі мен АГУ Тарлан колледжінің студенттері қатысты. Поэзия кешіне қатысушылар еркін тақырыптағы өлеңдер оқыды: махаббат, күз, табиғат т. б.
- 181
2022 жылдың қазан айының 13 күні белгілі ғалым, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Құрманбековтің (1952 – 2012) «Ғалым - өлкетанушы» атты 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Өлкетанушы Беркін Құрманбеков туралы қадірменді қонақтар естеліктерімен бөлісті. Әріптесі Мұханбетқалиев Есбол Беркін Құрманбековтің ізденімпаз ғалым екендігін атап өтсе, досы Ахметов Көшкімбай ғалымның тез шешім шығаратын қабілеті туралы баяндады, ал Қ.Жұбанов ат. АӨУ доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Давлетьярова Балжан Хамидуловна ғалым жөнінде жылы естеліктерімен бөлісті. Облыстық халық шығармашылығының қызметкері Сана Жәнібек туған өлке туралы әндерін шырқап, көрермен қауымға патриоттық сезім ұялатты.
- 243
12 қазан күні қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сәбит Баймолдиннің 80 жылдық мерейтойына орай «ЖЫР - ҒҰМЫР» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызына кештің алғы сөзі берілді. Сонымен қатар Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттауда елеулі еңбек сіңірген азаматтардың бірі һәм бірегейі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Журналистер одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» серіктестігінің директоры Отыншин Раукен Сағызбайұлы мен Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы және ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ахатұлы Ашықбаев шараға қатысып, естеліктерімен бөлісіп, өзіндік пікірлерін білдірді.
- 201
8 қазан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында журналист, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зияш Телеуованың «ТІРІ ӨЛІК» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шара барысында ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы Төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан Өміржанұлы мен ақын, Өтежан Нұрғалиев атындағы әдеби сыйлықтың иегері Алмас Ахметбекұлы келіп жылы лебіздерін білдірді. Бауыржан Өміржанұлы «Кітапхана біздің құттыханамыз», - деп сөз бастап, детектив жанрының қазақ әдебиетінде дамымай қалған жанр екендігін айтты және осы жанрды жазғандардың ішіндегі бірегейі деп Зияш Телеуованы атады.
- 180
28 қыркүйек күні кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап оқытуды ілгерілету тәсілдерінің бірі – кітапхана жұмысының заманауи түрлері», - «Современные формы библиотечной работы как способ активации продвижения чтения» атты халықаралық онлайн конференция zoom платформасында өткізілді. Конференцияға А.Осмонов атындағы Қырғызстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Т.Сатылғанов атындағы Ош облыстық, Ресей Федерациясының В.И.Ленин атындағы Ульяновск облыстық, Н.К.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және ҚР Ұлттық кітапханасы, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханаларының қызметкерлері қатысты.
- 294
23 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының авторлық жобасы өтті. Фестивальдің ашылу салтанатына ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Нұрлыбек Қалауов, жазушы, қоғам қайраткері Мәди Раимов, журналист, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бақыт Жаншаева қатысып, бүгінгі игі бастамаға сәттілік тіледі. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері Дулат пен Рита Айтжановтар әсем әнмен әрледі.
