- 247
29 наурыз күні мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Табылды Досымов» атындағы республикалық қорының директоры Б.Қ.Қалмағанбетов, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мен балалар құқығын қорғау жөніндегі аймақтық комиссияның төрайымы Б.Қ.Жаншаева, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Егемен Қазақстан газетінің тілшісі Б.Қ.Сәрсембина, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Р.Балтымова қатысып, Жолдаудың 10 бағыты бойынша тоқталып, тұшымды әңгімелері жастарға үлгі болатындай әсер қалдырды.
- 465
18 наурыз күні Жыл басы – Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған апталықтың «Шаттық күніне» орай «Ұлттық киім -ұрпаққа мұра» атты ұлттық киімдер дефилесін өткізді. Қазақ халқының киім мәдениетінен мол мағлұмат беріп, ұлттық киімдердің үздік үлгілерін көрсетіп, насихаттау мақсатында өткізілген шараға мәдениет саласының қызметкерлері, Ақтөбе сервис колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
- 251
16 наурыз күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Наурыз-думан» атты мерекелік шарасы өткізілді. Шара барысында ұлтымыздың тамыры болып саналатын ұлттық құндылықтарымыз бен мәңгі өшпес салт-дәстүрлеріміз насихатталды. Кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен бүгінгі таңда ұмыт болып бара жатқан «Бие қысырамас», «Құрсақшашу», «Ашамайға мінгізу», «Абысын асы» салт-дәстүрлері көрсетіліп, әсем әндер шырқалып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Мың бір мақал» сайысы, викториналық ойындар ойнатылды.
- 275
4 наурыз күні кітапхананың өлкетану әдебиеттер бөлімі Ақтөбе облысы құрылғанына 90 жыл толуына (1932 ж.) арналған «Тарих толқынындағы Ақтөбе өңірі» атты танымдық конференциясын өткізді. Танымдық конференцияның алғы сөзі Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Мейірханқызына берілді. Г.Маханова: «Ұлт рухын өсіріп, халық аманатын ақтаған тұлғалардың өнегесін кейінге мұра етіп қалдырып, көнеден қалған өлкеміздің тарихын, экономикасын, әдебиеті мен мәдениетін, жалпы 90 жылдық тарихы бар Ақтебе өңірінің кешегі мен бүгінгі көрінісін өскелең ұрпақтың қазынасына айналдыру мақсатында кітапхананның өткізіп жатқан бүгінгі конференциясы игі істердің бірі» - деп атап өтті.
- 248
3 наурыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері әнші, республикалық байқаулардың лауреаты, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшесі, «Арай» өнер мектебінің директоры Арайлым Абатқызы Мырзабековамен «Өнерім-өмірім» атты мерекелік кешін ұйымдастырды. Кеш барысында Арайлым Абатқызы кітапхана оқырмандарын өмірбаянымен кәсіби жолын және жас ұрпақтың бойындағы дарындылықтарын ұштау, бос уақытын тиімді пайдалану, өнердегі шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ашылған «Арай» өнер мектебінің жұмысымен таныстырды.
- 225
Өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Ақын жыры - жүрек сыры» атты жыр кеші өткізілді. Кештің алғы сөзі «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Сағызбайұлына берілді. Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты «Үш таған» журналының бас редакторы Е.Ашықбаев Сәбит ақынның кітаптары туралы айта кетті.
- 333
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Айсын» радиожурналистика мектебінің қатысуымен «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
- 376
13 желтоқсан күні «Keruen City» сауда, ойын-сауық орталығында ұлық мереке Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кітап фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараны Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.Елеусінова ашып, «Тәуелсіздікке тарту» мерекелік кешімен жалғасты. Кеш барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық әдеби онлайн марафонының жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
- 319
8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында кітапханада «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты - оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін жетілдіру, қазіргі уақыт талабына сай жоғары білімді, интеллектуалды полиглот болуға тарту болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Зияткерлік ойынға қаламыздың №60, №61, №75 жалпы білім беретін мектептер мен М. Арын атындағы Қарғалы қазақ мектебінің 9-11 класс оқушылары және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.
- 384
3 желтоқсан күні Шығармашылық академиясы залында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдығына арналған «Ғасыр жырлаған – ғажап ақын» атты әдеби- сазды кеші өткізілді. Шараға Ақтөбе облысы әкімдігі, зиялы қауым өкілдері, ақындар, журналистер, кітапханашылар қатысты. Әдеби – сазды кеш А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің оқытушысы жыршы Жеңіс Елемесов «Жамбылдың ақындарға арнауымен» басталды.
