- 335
13 қазан күні оқу залы бөлімшесінің қызметкерлері 18 қазан – Халықаралық рухани келісім күніне орай бабалар мұрасы – салт-дәстүріміз бен асыл дінімізді көздің қарашығындай сақтап, қастерлеуге шақыру мақсатында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында ойталқы шарасын өткізді. Шара қонақтары «Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы Мухаммедисмаил Шадман , «Аңсар» кеңес беру - оңалту орталығының теологы Бейсембаева Роза Бақытқызы қоғам үшін өзекті діни мәселелерді арқау еткен сұрақтар төңірегінде жауап беріп, ұлттық мүддемізді қорғап, ана тілінде сөйлеп, салт-дәстүрімізді қастерлеу – парызымыз екенін жәнеосы ағартушылық жұмыстар барысында атқарылып келген және алдыңғы игі істер жөнінде ойларын жеткізді.
- 320
13 қазан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында әйгілі дихан, тары өсіруден бүгінге дейін ешкім қайталамаған Дүниежүзілік рекордтың иесі, ғылым тілінде «Болмасты болдырған адам» деп аталатын тұлға Шығанақ Берсеевтің туғанына 140 жыл (1881-1944) толуына орай «Ақ тарының Атасы» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.
- 548
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық әдеби онлайн марафонын жариялаймыз! 18-30 жас аралығындағы кітапхана оқырмандары қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған Ел Тәуелсіздігіне арналған өлеңін, эссе немесе мақаласын ұсыну қажет. Шығармашылық жұмыстар 1 қазан – 15 қараша аралығында Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасында қабылданады. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Толығырақ ақпарат: www.baishev.kz 8(7132)23-01-09, 23-79-99 Ватсап 87078954094 Мұқашева Ақмарал.
- 361
5 қазан күні мұғалімдер күніне арналған «Учитель – мастер и творец...» атты Ақтөбе қаласының №23 мектеп лицейінің ағылшын тілі мұғалімі, «Почётный работник образования», «Лучший учитель Казахстана 2012», «Человек года Актюбинской области 2015 года» атақтарының иегері Наталья Александровна Пеннермен кездесу өтті.
- 517
30 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіз Қазақстан» атты ұлттық кітап фестивалі өткізілді. Бұл күні кітапхана оқырмандар мен қонақтарына өз есігін айқара ашып, танымдық әрі қызықты бағдарламасын ұсынды. Кітап фестивалі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған кітап шеруімен басталды.
- 517
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» болып жариялануына орай «Балалар әлемі: Кітаптан өмірлік мұратқа» тақырыбында ашық алаң шарасын өткізді.
- 477
28 қыркүйек кемеңгер жазушы - Мұхтар Әуезовтің туған күні. Осы орайда «Парасат жолы» жобасы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесе филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Айгүл Ісмақовамен «ZOOM» платформасында «Әлем таныған Әуезов» атты онлайн әдеби сұхбатын өткізді.
- 441
23 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Әдебиет - жан нұры» атты әдеби сағатын өткізді. Әдеби сағат барысында жалпыұлттық оқылымға таңдалған кітаптар насихатталып, библиографиялық шолу өткізілді.
- 394
23 қыркүйек күні кітапхана мәжіліс залында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бірлесуімен «Адалдық – ардың айнасы» атты дөңгелек үстел өтті.
- 559
22 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап оқуды жетілдірудің заманауи әдістері: жаңа мүмкіндіктері» атты батыс аймақтық онлайн-семинар Zoom платформасында өткізілді. Шараға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кітапханаларының мамандары қатысты.
