- 451
9 қыркүйек күні кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйек күні «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында студенттер арасында түсіндіру жұмысы өтті. Президент өз жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.
- 422
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша талқылау жиыны өтті. Жолдау – бұл мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл жоспардан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады.
- 700
18 тамыз күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасаттылық пен адалдық – табысты өмірдің кепілі» атты дөңгелек үстел онлайн форматында өтті. Алғашқы сөз кезегінде кітапхана директоры Қ.С.Раймбаева облыс кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары бойынша атқарылған шараларға тоқталса, шара қонақтары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Д.Абекенов, анықтау және іздестіру бөлімшесінің бастығы, заң мәселелері бойынша бөлім бастығының орынбасары, подполковник Л.Ж.Нугаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екеніндігін айтып өтті.
- 404
10 тамыз – Хакім Абайдың туған күні. Осы күн қарсаңында «Мен Абайды оқимын» акциясы аясында «Абай - ұлы даланың мызғымас темірқазығы» атты әдеби қонақжайы өткізілді. Кітапхананың белсенді оқырмандары Утегенова Мариям , Жеткірбай Ақниет, Бекмырза Бекжан, Болат Нұрхан, Болат Бейбарыс, Қалмағамбетова Ақсамал, Амантай Ақбота, Аскарова Айбике Абайдың өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
- 360
12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай кітапхана жанынан ашылған Америка бұрышында «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты English speaking club мүшелерімен сыр-сұхбат өтті. Шара барысында қатысушыларға презентация көрсетіліп, викториналық сұрақтар қойылып, ойындармен жалғасты.
- 448
10 тамыз – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақ әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы, шығыс пен батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі етіп көрсете білген, хәкім Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Өлең сөздің патшасы» атты әдеби - сазды кеш өтті.
Кітапхананың «Коворкинг» орталығында өткен шараға Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаты, елімізге белгілі журналист Жаншаева Бақыт Құрманқызы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, филология магистрі Абдуллина Анар Боранқызы қатысты.
- 486
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 25 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 19.00-21.00 аралығында Абай гүлзарында 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердіңкітап оқуын қолдау жылына орай «KIDS BOOK FEST-2021» фестивалі (Балалар кітап фестивалі - 2021) өткізілді.
Фестивальға Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, ҚР Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімі, облыстық кітапханалар, Ақтөбе облысының аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелері, ақын-жазушылар, мәдениет саласының ардагерлері, Т.Ахтанов атындағы кітап дүкені, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанындағы «Руханият», «Елмұра», «Өнерпаз» клуб мүшелері, «Family school»шығармашылық студиясы, кітапхананың белсенді оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.
- 366
25 маусым күні кітапханада «Заманауи кітапхана: ақпарат, инновация және серіктестік диалог кеңістігі» тақырыбында семинар өткізілді.
Шараға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Халық шығармашылығы және кітапхана жұмысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Айтжанова Бекзат Ерғалиқызы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Нұр Отан партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер мен балалар құқын қорғау жөніндегі аймақтық комиссияның төрайымы Жаншаева Бақытхан Құрманқызы, «Жеті өнер» ұлттық компаниясының жетекшісі, елімізге белгілі отандық кәсіпкер Сәкен Болыс және облыс кітапханаларының директорлары қатысты.
- 452
21 маусым күні кітапханамызда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам айнасы» атты мерекелік кеші өткізілді. Шараға «AQTOBE» телеарнасының директоры Мирас Мұқаш, республикалық «ТДК-42» каналының меншікті тілшісі Лейла Ауесова, «Время» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Ақмарал Майкузова, «Тандем» радиосының жүргізушісі Айсын Байтақова, «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Виноградова Татьяна, «Ақтөбе» радиосының жүргізушісі Салтанат Амандық және «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшілері қатысты.
- 413
17 маусым күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Әдебиет - ұлттың жаны» атты «Руханият» клубының мүшелерімен кездесу өткізілді. Іс-шараға «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және кітапхана оқырмандары қатысты.
Кітапхана қызметкерлері А.Мұқашева, Г.Омарханова «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына таңдалған әдеби кітаптарға библиографиялық шолу жасап, кітаптарды талдады. Кітапхана оқырмандары А.Утегенова, Ж.Қайралапова өздері оқыған А.Кристидің «Ғайып болған миллион», О.Памуктың «Менің атым – Қырмызы» әсерлі оқиғаларды баяндап берді.
